мас жүргізуші

Облыста жүргізуші куәлігінен айырылған 74 жастағы зейнеткер мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеді. Енді оған 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, 5 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы «Ssang Yong» автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы 74 жастағы жүргізушіні бірден таныған. Зейнеткер қаңтар айында мас күйінде рөлде отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда құжатының жоқтығына қарамастан, әлі күнге дейін көлік тізгіндеп жүр. Ол аздай, тағы да алкогольдік ішімдік ішкен.  Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа масаң күйде көлік тізгіндегендігін көрсетті. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде енгізілді.

«Баптың санкциясы 5 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді. Сондай-ақ, заңбұзушы өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады», – дейді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, темір тұлпар айып тұрағына қойылды. Жалпы, 2023 жылы облыс жолдарында көлік басқару құқығынан айырылған 10 мас жүргізуші ұсталды.

Тағы оқыңыз: Жыл басынан бері СҚО-да заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x