таза қала

Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы сәуір айынан бастап «Таза қала» акциясын бастады. Іс-шара аясында өңір белсенділері облыс орталығындағы саябақтарды қоқыстан тазартады.  Бүгін волонтерлер Петропавл қалалық гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен бірге  Настя Прокопичева саябағы аумағын тазартуға шықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Таза қала» акциясы аясында біз Петропавлдағы барлық саябақтарды қоқыстан тазартуды жоспарлап отырмыз. Себебі, облыс орталығының таза әрі жайлы болуы біздің қолымызда. Тазалық өзімізден басталады», – дейді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жанат Кәкімов.

Ұйымдастырушылардың  сөзінше, колледж студенттері мұндай іс-шараларға белсенді түрде ат салысады екен. Бүгінгі таза бейсенбілік іс-шарасына 20 шақты студент қатысты. Белсенді жастар демалыс күні де сенбілікке шықпақ.

Тағы оқыңыз:Жаңа кәсіпті қалай меңгеруге болады?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x