конференция

Алматыда «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар және озық тәжірибе» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Еуропа Кеңесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп ұйымдастырған конференцияға еуропалық сарапшылар, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның әрекет етуші судьялары, прокуратуралардың, Құқық қорғау органдары академиясының және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері, адвокаттары, сондай-ақ халықаралық және отандық үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар қатыгездік көрсету мен азаптаулар жағдайларын тергеп-тексерудің озық тәжірибелері, сондай-ақ сот органдарының, прокурорлардың, адвокаттардың және осы мәселені шешудегі әртүрлі құқық қорғау тетіктерінің рөлі туралы айтты. Бұдан бөлек адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың да, сондай-ақ құқық қорғау институттарының да қатысуымен азаптаудың барлық нысандарын жою бойынша бірлескен күш-жігерді шоғырландырудың маңыздылығын атап өткен қорытынды құжатты қабылдады және бірқатар ұсынымдар берілді.

 

Тағы оқыңыз:Студенттер «Таза қала» акциясына қатысып,саябақтарды қоқыстан тазартты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x