Турист келсін десең, дәретханаларды жөнге келтіру керек: СҚО-ға туризм және спорт вице-министрі келіп, бизнесмендерімен кездесті

Солтүстік Қазақстанға ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев келді. Ол өңірдің тұрғындары және бизнесмендерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кездесу барысында вице-министр өңірдің туристік әлеуеті зор екендігін айтып, биыл бұл салада бірқатар жұмыстар жасалғандығын айтты. Бірқатар туристік нысандар жаңартылып, жолдар жөнделген. Енді демалыс орындарындағы дәретханаларды қалыпқа келтіру керек дейді. Жалпы, жолдардағы әжетханалардың жағдайын реттеу қажет. Өйткені, бұл тұрғыда көп сын айтылады.

«Біз қанша жерден зәулім ғимараттар, қонақ үйлер салып, туризмді дамытамыз десек те туристік аймақтарда, оларға апаратын жолда дәретханалар болмаса онда жұмыстың бәрі бекер. Өйткені, туристер келсін десек, ең алдымен оларға жағдай жасау қажет. Бұл мәселе ұсақ болып көрінгенімен, демалыс аймақтарын дамытуға кедергі келтіреді. Сондықтан алдағы жылы осыған ерекше көңіл бөлу керек», — деді ҚР туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан Арменияға шошқа етін саудалап жатыр

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *