Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді ету үшін көшпелі медициналық кешендер жұмысын жалғастырып жатыр. Биылғы жылдың алғашқы үш айында дәрігерлер 120 ауылға барып, 15 мыңнан астам адамды тексерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңірде барлығы 10 жылжымалы  медициналық кешен бар. Бұл кешендер шалғай ауылдарға барып, тұрғындарды тегін тексеріп, қажетті медициналық қызмет көрсетеді.

Биыл көшпелі кешендер Айыртау, Ақжар, Қызылжар, Жамбыл, Тайынша, Уәлиханов, Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Аққайың, Тимирязев, Есіл, Мамлют және Мағжан Жұмабаев аудандарымен де келісім жасалған. Үш ай ішінде дәрігерлер жоспарланған 334 ауылдың 120-сына барды. Жалпы 15 268 адам медициналық тексеруден өтті. Тексеру кезінде 660 тұрғыннан түрлі ауру анықталды. Оның ішінде 73 адам диспансерлік есепке алынды. Осы уақыт ішінде дәрігерлер 4 мыңнан астам кеңес беріп, 12 мыңнан астам зертханалық және диагностикалық тексеру жүргізді.

Анықталған аурулардың ішінде ең көбі  қан айналымы жүйесінің аурулары, балалар арасындағы аурулар, қант диабеті және глаукома да анықталған.

Мамандардың айтуынша, көшпелі медициналық кешендердің арқасында ауыл тұрғындары аудан немесе облыс орталығына бармай-ақ дәрігердің қабылдауынан өтіп, қажетті тексерулерді жасата алады. Бұл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын халық үшін өте ыңғайлы.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында жастарға есірткінің зардабы түсіндірілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *