Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін технологиялық жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Айыртау ауданындағы «Агро-Елецкое» ЖШС-де ауыл шаруашылығы техникасын ұшқышсыз басқару технологиясы сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заманауи жүйе егіс алқаптарындағы жұмыстардың дәлдігін арттырып, техниканы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, ұшқышсыз және дәлме-дәл технологияларды кеңінен енгізуге ерекше мән беріп келеді. Бұл бағыт Солтүстік Қазақстан облысында да кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Бүгінде өңірде цифрлық шешімдерді өсімдік шаруашылығымен айналысатын 1 750 агроқұрылым және аралас бағыттағы 1 614 шаруашылық қолданады.

Осылайша, кәсіпорында дәстүрлі агротехнологиялар заманауи цифрлық шешімдермен ұштасып келеді. Ұшқышсыз техника мен дәлме-дәл технологияларды пайдалану алқаптағы жұмысты оңтайландырып, шаруашылықтың өндірістік мүмкіндігін арттыруға жол ашады.

«Агроқұрылымдағы барлық алқап цифрландырылған. Техникаларға арнайы бағдарлама арқылы карта енгіздік. Ол арқылы біздің қызметкерлер трактор-комбайндарға жүру жолын сызып береді. Техника сол бойынша өз жұмысын атқарады. Жағдайды бақылау ішін ішіне бір қызметкерді отырғызамыз. Шыны керек, қазіргі таңда білікті механизаторды табу қиын. Заман игілігі аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді», — деді серіктестік басшысы Байтас Қазбеков.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/depwtat-oqwshylargha-durys-amandaswdy-uejretwdi-usyndy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *