Петропавлда азаматтық сектор өкілдеріне арналған оқыту курсы бастау алды. Екі күндік шара барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеуді үйренеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Семинар ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділері және мемлекеттік орган мамандары қатысып жатыр. Басты мақсат — мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын. Шара екі күнге созылады. Онда қатысушылар мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеудің қыр-сырын меңгереді.
«Басты мақсатымыз — комплаенс-офицерлерге, азаматтық белсенділерге және қарапайым тұрғындарға мемлекеттік сатып алу порталының жұмысын түсіндіру. Қатысушылар қажетті ақпаратты іздеп, сатып алуларды бақылау мен талдау жолдарын үйренеді. Оқыту барысында тапсырыс беруші мен жеткізуші тарапынан жүргізілетін жұмыстар да түсіндіріледі», — СҚО Азаматтық альянсының төрағасы Руслан Асаубаев.
Шара теориялық сабақтармен шектелмейді. Қатысушылар порталдағы нақты сатып алуларды қарап, қажетті ақпарат іздейді. Сондай-ақ, жеткізушілерді тексеру, сатып алу рәсімдерін бақылау және ықтимал тәуекелдерді анықтау жолдары көрсетіледі.
Іс-шара жергілікті жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School базасында ұйымдастырылды. Жоба еліміздің өзге де қалаларында өткізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-awyl-sharwashylyghyna-cifrlyq-tehnologiyalar-engizilwde/

