Солтүстік Қазақстан облысында банкроттыққа жүгінгендер саны артып келеді. 2023 жылдан бері соттан тыс банкроттық рәсіміне 8753 адам өтініш берген. Алайда олардың тек 1687-сі ғана банкрот деп танылған, деп жазады Qazaqstan Media.

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, көп жағдайда азаматтар заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Негізгі себептердің бірі — меншігінде мүліктің болуы.

«Банкроттық рәсімінде ортақ меншіктегі мүлік те есепке алынады. Тағы бір маңызды талап — азамат бір жыл бойы несие бойынша төлем жасамауы керек. Қарыздың болуының өзі автоматты түрде банкрот деп тануға негіз болмайды. Кейде азамат “төлем жасаған жоқпын” дейді, бірақ оның картасына түскен қаражат автоматты түрде ұсталып қалса, бұл да төлем болып есептеледі», — деді департамент басшысының орынбасары Талғат Салкеев.

Банкрот деп танылған солтүстікқазақстандықтардың жалпы қарызы 1,2 млрд теңгеден асқан. Статистика бойынша, 2023 жылы соттан тыс банкроттық рәсімімен 132 адам, 2024 жылы 168 адам, 2025 жылы 646 адам, ал биыл қыркүйекке дейін 741 адам банкрот деп танылған. Бұдан бөлек, осы кезеңде 11 адам сот арқылы өзінің төлем қабілетсіздігін растаған. 2023–2026 жылдары облыста 20 жеке кәсіпкер де банкрот деп танылды. Оның үшеуі биыл тіркелген.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда үлгілі отбасылар марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *