Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1537 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Осыған байланысты өңірде 24 шілдеде «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицейлер мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп-қатер төнген отбасыларды анықтау және зардап шеккендерді қорғау бағытында рейдтер мен профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Ерекше назар әйелдерге, балаларға және бұрын сотталған адамдарға аударылуда.

2026 жылдың алғашқы алты айында өңірде қиын өмірлік жағдайға тап болған 47 отбасы анықталды. Олар туралы мәліметтер әлеуметтік қолдау көрсету үшін Отбасын қолдау орталықтарына жолданып, бірыңғай ведомствоаралық ақпараттық жүйеге енгізілген.

Жыл басынан бері 1657 қорғау нұсқамасы шығарылып, 737 құқық бұзушыға алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салуды қоса алғанда ерекше мінез-құлық талаптары белгіленді. Бақылау барысында қорғау нұсқамасын бұзудың 170, ал ерекше талаптарды сақтамаудың 845 дерегі тіркелген.

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы 25 шілдеге дейін жалғасады. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент төлеу тәртібі өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *