2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент аудару тәртібі өзгереді. Енді алимент төлемдері тек осы мақсатқа арнайы ашылған банктік шоттарға ғана аударылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заңда көзделген. Жаңа тәртіпке сәйкес, алимент алушы арнайы банктік шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы тиіс. Осыдан кейін ғана алимент қаражаты аталған шотқа аударылады.

«Жаңашылдықтың негізгі мақсаты – балалар мен еңбекке қабілетсіз азаматтарды асырауға арналған қаражатты қорғау. Арнайы алименттік шоттағы ақша алимент алушының өзге қарыздары бойынша бұғатталмайды немесе өндіріп алынбайды»,-деп түсіндірді министрлік.

Сонымен қатар, арнайы шоттың болмауы алимент төлеушіні өз міндетінен босатпайды. Алайда алимент алушы арнайы шот ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына бермейінше, қаражатты аудару мүмкін болмайды. Бұл жағдайда төленбеген сома берешек ретінде есептеле береді.

Тағы оқыңыз:Петропавлдағы жағымсыз иіс мәселесі министрлік деңгейінде қаралып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *