[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/WhatsApp-Image-2023-01-25-at-08.54.15-2.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында солтүстікқазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды. Жерлесімізді жеңісімен облыс әкімі Айдарбек Сапаров та құттықтады.

«Солтүстікқазақстандық параатлет Ербол Хамитов шаңғымен сырғанаудан спринтте Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Ербол әлем біріншілігінің басты жарысында ерлік пен табандылық танытып, Швецияда Туымызды көкке көтерді. Ербол Хамитовты, жаттықтырушыларды және барша спорт сүйер қауымды осы жоғары жетістікпен құттықтаймын! Спортшыларымызға жаңа жеңістер тілеймін»,- деп жазды өзінің телеграм каналында Айдарбек Сапаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге ие болған еді. Жалпы аталған жарысқа 18 мемлекеттен 102 спортшы келген.

 

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x