Шал ақын ауданында бір жылда 100-ге тарта спорттық жарыс ұйымдастырылған

Шал ақын ауданында спорт саласының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Биыл мұнда көптеген нысандар салынып, 100-ге тарта түрлі жарыс ұйымдастырылған. Мұны өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Спорттық сайыстардың арасында көкпар мен аударыспақ сынды ойындар халықтың қызығушылығын тудырған. Ұлттық спорт ойындарының қорытындысы бойынша аудан облыс көлемінде екінші орынды иеленген.

Шал ақын ауданында спорттық нысандарды салу жағы да жолға қойылған. Біразының құрылысына аудандағы кәсіпкерлер демеушілік етті.

«Биыл «Агро Север» серіктестігі Позозочное ауылында жабық хоккей кортын салды. Нысан жақын күндері іске қосылады. Оның құрылысына 100 млн теңге жұмсалды. Бюджет қаражаты есебінен Сергеевка қаласында да 133 млн. теңгеге жабық хоккей корты бой көтерді. Қазір оның да құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ жыл соңына дейін Арай ауылында хоккей корты салынады. Агроқұрылымдардың күшімен Семиполка ауылында стадион салынды. Ал Сухорабовка ауылында стадион құрылысына бюджеттен ақша бөлінді. Сондай-ақ Ақанбарақ ауылында бюджет қаражаты есебінен, Ольгинка ауылында «Верд» серіктестігінің қолдауымен шағын футбол алаңдары салынды», – деді Рахат Смағұлов.

Тағы оқыңыз: Смирново ауылында болған жарылыстан зардап шеккен жігіттің жағдайы ауыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x