СҚО-да жаңа сүт фермасы іске қосылды

Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында жаңа сүт фермасы іске қосылды. Бұл жайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Астық STEM» серіктестігінің жаңа сүт фермасы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Жобаға 1,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Кешен жылына 3,2 мың тонна сүт өндіреді.

Облыста әлі 13 сүт кешенінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 6 заманауи сүт фермасы іске қосылады.

«Жаңа фермалардың ашылуы ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуға, сапалы тауарлық сүт өндіру көлемін ұлғайтуға және сүт зауыттарының жүктемесін көбейтуге мүмкіндік береді», – деп жазды өңір басшысы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да азық-түлік бағасы қымбаттады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x