СҚО-да тұрғындар үйлеріне орала бастады

Қазіргі кезде Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласынан басқа аудандарда жағдай тұрақталып келеді. Сондықтан СҚО тұрғындарының кейбірі үйлеріне орала бастады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері Ғ. Мүсірепов, Есіл, Шал ақын аудандарында судың беті қайтып, тұрғындар үйлеріне орала бастады. Жалпы 643 адам Қазіргі кезде Петропавл қаласын қоса есептегенде Қызылжар ауданының 17 ауылына әлі де қауіп төніп тұр. Бірақ төтенше жағдай департаментінің мамандары су тартылған елді мекендерді тағы бірі жіті тексеріп, мүмкіндік болса тұрғындарға үйлеріне қайтуға рұқсат бермек.

«Қазір жергілікті атқарушы орган мен құтқарушылар  ауылдарды, үйлерді тексереді. Мұндай жұмыстар  Петропавлдағы Лесхоз ауданы мен Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылында жүргізіледі. Егер тұрғындарға қауіп төнбесе, оларға үйлеріне оралуға рұқсат беріледі. Жалпы бүгіндері эвакуацияланған 643 солтүстікқазақстандық баспаналарына қайтып оралды», – деді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Қазір Сергеев су қоймасында су деңгейі шамалы көтерілген. Бірақ ол облыс орталығына жеткенше, бірінші толқынның беті қайтады, дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 403 млн теңге қарастырылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x