Петропавлда волонтерлер гуманитарлық көмекті ұрлады деген жалған ақпаратты таратқан әйел жазаланды

Петропавлда 47 жастағы әйел волонтерлерді видеоға түсіріп, олар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген жалған ақпарат таратқан. Осы әрекеті үшін ол айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс орталығының тұрғыны көліктерге азық-түлік пен заттарды тиеп жатқан волонтерлерді видеоға түсіріп, олар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деп ойлаған. Бірақ ол бұл туралы бірден полицияға емес, WhatsApp желісіндегі топтарға жазып, жалған хабарлама таратқан. Бейнежазба әп-сәтте TikTok желісіне таралып кетті.

Мұны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

«Полиция қызметкерлері «азық-түлік ұрланып жатыр» деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк тасқын судан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая малышка ауылына жіберілген. Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге 403 млн теңге қарастырылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x