СҚО-ға Көкшетау мен Павлодардан гуманитарлық көмек жеткізілді

СҚО-ға келген гуманитарлық көмектің белгілі бір бөлігі «Радуга» компаниясының алдында қабылданып жатыр. Жалпы өңірде су тасқыны басталғалы бері  329 тонна гуманитарлық көмек жиналған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға еліміздің әр өңірінен гуманитарлық көмек келіп жатыр. Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмектен бөлек, су басқан өңірлер үшін аса қажет үрлемелі қайық, резеңке етік, күрек, қолғап, мотопомпа, тоқ беретін генераторлар да жеткізіліп жатыр.

 «15 сәуір күні Павлодар қаласында гуманитарлық көмек жинап бастадық. Бұл іске кәсіпкерлер, жастар, депутаттар мен барша жұртшылық ат салысты. Бүгін біз жалпы көлемі 60 тонна болатын гуманитарлық көмек әкелдік. Оның  ішінде азық-түлік, киім, қажетті құрал-жабдықтар бар», – деді Павлодар облысынан келген волонтер Айжан Қали.

СҚО-ға  Көкшетау мен Павлодардан гуманитарлық көмек жеткізілді

Гуманитарлық көмек «Радуга» ЖШС 10 контейнері мен жақын маңдағы алаңда қабылданып жатыр. Кейін тауар су тасқынынан зардап шеккендерге тізім бойынша таратылатын болады.

«Халықтың бірлігінің арқасында біз  әр өңірден қажетті көмекті алып жатырмыз. Осы уақытқа дейін Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарынан гуманитарлық көмек келген болатын. Алматы облысы да көмек жіберуге дайындалып жатыр. Қажетті нәрселерді жіберіп жатыр», – дейді Аmanat партиясы СҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров.

Айта кетейік, Петропавл қаласы бойынша тағы қосымша үш гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылмақ.

Тағы оқыңыз:СҚО-да тұрғындар үйлеріне орала бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x