СҚО-да пробациялық бақылауға алынған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін

Солтүстік Қазақстанда пробациялық бақылауға алынған әйел жазаны өтеу шарттарын бірнеше рет бұзып, қаңғыбастықпен айналысқан. Онымен қоса, ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларына тиісті қарамағаны үшін ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс прокурорлары тұрақты түрде пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды тексеріп отырады. Осы жолы өкілетті органдардың қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы есепте тұрған М. есімді сотталушыға барған. Тексеріс барысында оның спирттік ішімдік ішіп, қаңғыбастықпен айналысатындығы белгілі болды.

«Сотталушының 4 және 8 жастағы екі баласы бар. Олар ата-әжесімен тұрады екен. Бірақ анасы балаларына ешқандай материалдық көмек көрсетпейді. Ал бұл кәмелетке толмағандардың  құқықтарын бұзу болып табылады. Сондықтан есепте тұрған тұлғаның ата-ана құқығын шектеу немесе айыру туралы Петропавл қаласы кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияға материал жіберілді», – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ әйел азамат бірнеше рет жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзған.

«Есепте тұрған азамат уақытында тіркеуге келмей, облыс орталығынан тысқары жерлерге шыққан. Ол ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осының бәрі өкілетті органмен материалды сотқа жіберуге негіз болған. Онда жазаны қатаң түріне ауыстыру қажеттігі жазылған», – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыз: Облыс тұрғындары солтүстік шұғыласын тамашалады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x