СҚО-да полицейлер науқас баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті

СҚО-да полицейлер медициналық көмек қажет болған баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жезқазған-Петропавл автожолында Toyota автокөлігінің жүргізушісі патрульде жүрген тәртіп сақшылары Арсен Домашенко мен Игорь Семинге  жақындаған кезде қайта-қайта көліктің дабылын қосып, көмек сұраған. Көлік салонында әйел мен шұғыл медициналық көмекке мұқтаж екі жасқа  толмаған бала бар екен. Тәртіп сақшылары бала мен әйелді қызметтік көлікке отырғызып, маяктарын қосып, Петропавл қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

«Қазір ұлымыздың жағдайы жақсы. Жігіттерге өте ризамыз! Қызметтеріңіз тыныш болсын. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз», – деп баланың ата-анасы алғыстарын жеткізді.

Мұндай оқиғалар жол үстінде жиі болып тұрады. Облыстық патрульдік полиция батальонының мамандары осындай жағдайға тап болған облысымыздың бірнеше азаматына көмектескен.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданының әкімі азаматтарды қабылдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x