СҚО-да полицейлер ірі есірткі партиясын тәркіледі

Солтүстікқазақстандық полицейлер 400 келіден астам марихуана тәркіледі. Бұл соңғы 10 жылда тіркелген есірткінің ең ірі көлемі болып табылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері «Петропавл – Астана» автожолында «Volkswagen Passat» көлігін тоқтатпақ болған. Алайда, жүргізуші мұны елемей, әрі қарай жүре беріпті. Полицейлер автокөлікті тек Аққайың ауданындағы Астраханка ауылының маңында қуып жеткен. Оның ішінде 2 петропавлдық отырған. Біреуінің жасы 29-да болса, екіншісі – 30-да. Олардың біреуі бұрын есірткі қылмысы үшін істі болған. Тексеру барысында машинаның жүксалғышынан өсімдік тектес зат салынған 5 қап тәркіленді. Сараптама оның жалпы салмағы 128 кг. кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Кейінірек тінту шаралары барысында ұсталғандардың бірінің көлікжайынан 300 кг. марихуана мен 21 кг. 300 гр. гашиш жасырылған орын анықталды. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 464 келіні құраған.

«Бұл соңғы 10 жылда облыс полицейлері тәркілеген ең ірі марихуана партиясы. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жүргізілуде», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Тағы оқыңыз: Ерлі-зайыпты полицейлер отбасы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x