Елімізде ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталды. Биылғы түлектер маңызды тестті 5 рет тапсыра алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұрын ҰБТ тек бір күнде өтетін. Соңғы жылдары талап өзгерді. Биыл маңызды тестті тапсыруға 5 мүмкіндік беріліп отыр. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, осы жылы 177 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Түлектер саны өткен жылғыға қарағанда 7 мың адамға көп. Жыл сайын олардың 75-80 пайызы ҰБТ тапсырады.

“Қаңтардағы ҰБТ тек осы жылдың түлектері мен шартты түрде қабылданған студенттерге, яғни өткен тестілеуде шекті ұпай жинамаса да, университеттердің бірінші курсына қабылданғандарға арналды. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға ауысқысы келетін студенттер де қаңтардағы сынаққа қатысқанын атап өтейік. Ал наурыздағы, негізгі және тамыздағы ҰБТ-ны ниет білдіргендердің барлығы, тіпті бұған дейінгі жылдардың түлектері де тапсыра алады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы сынақтар ақылы негізде екенін ұмытпайық. Ақылы ҰБТ сертификаттары оқушы 140 ұпай жинаса да, жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға жарамды. Еске салайық, 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтетін негізгі ҰБТ-ның сертификаттарымен ғана грантқа түсуге болады”, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев.

Тағы оқыңыз: Ерлі-зайыпты полицейлер отбасы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x