Петропавлдық ерлі-зайыпты Серік Әбілғазинов пен Жұлдыз Мұхамадиеваның екеуі де тәртіп сақшысы болып еңбек етеді. Полицейлер 2010 жылы курсант болып жүрген кездерінде танысқан. Серік әскери институтта, Жұлдыз ІІМ-ның Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқыған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқуды аяқтағаннан кейін екеуі де Астанада еңбек етеді. Сөйтіп жүріп 2014 жылы отау құрған. Кейін Серік қызмет бабымен туған қаласы Петропавлға ауыстырылды. Көп ұзамай Жұлдыз да жарының соңынан ілесіп келді. Отағасы – СҚО ПД аппаратының инспектор-психологы. Ол алғы шепте қылмыспен күресіп жүрген қызметкерлерге қолдау көрсетіп, дайындайды. Ерлі-зайыпты полицейлер бүгінде 3 ұлды тәрбиелеп отыр. Оларды өсіруге Серіктің анасы көмектеседі. Мамандардың екеуі де қызметтерін бар ынтамен атқарып, тапсырмаларды уақытылы орындауға тырысады. Ал демалыс күндерін ұлдарына арнайды. Отбасы мүшелері спортпен айналысуды әдетке айналдырған. Демалыс күндерін кроссқа арнайды.

«Әлемнің көптеген елдерімен бірге Қазақстан да Халықаралық Отбасы күнін атап өтуде. Жанұя мүшелері бір-бірін сүйіп, құрметтеуі тиіс. Бірлік пен татулық, бір-біріне түсіністікпен қарау. Бақытты отбасы болудың құпиясы, міне осы», – дейді отанасы.

Тағы оқыңыз: Бетке бөртпелердің шығуына май бездерінің бұзылуы себеп – петропавлдық косметолог

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x