Май бездерінің бұзылуынан бетке неше түрлі бөртпелер шығып, тері бүлінеді. Мұндай проблемаға психологиялық жүктемелердің артуы да әсер етуі мүмкін. Петропавлдағы білікті косметологтардың бірі Наталья Сулейменова осылай деп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қыз-келіншектер үшін бет терісінің таза әрі әдемі болып тұруы қашан да маңызды. Бұл бойдағы сенімділікті арттырып, көңіл-күйді көтеретіні сөзсіз. Дегенмен, соңғы уақытта беттегі бөртпе, безеулермен арпалысып жүрген жандардың қатары артқаны жасырын емес. Аталған проблема қыздарда ғана емес, жігіттерде де кездеседі. Осы ретте 5 жылдық еңбек тәжірибесі бар косметолог маманнан бұған ненің себеп болып жатқандығын сұрастырдық. Наталья Сулейманова былай деп жауап берді:

«Өзім біліктілігімді арттыру үшін түрлі семинарларға жиі қатысып тұрамын. Сондағы түсінгенім: бұл мәселе бойынша дерматологтардың ой-пікірі сан-саққа жүгіреді. Бұрын бетті қажетті деңгейде күтпей, дұрыс тамақтанбағанның кесірінен бөртпе шығады деп айтылатын. Жылдар өте келе бұл түсінік өзгерді. Қазір мамандар мүлдем басқаша сөйлейді. Айтуларынша, проблеманың орын алуына психологиялық жүктемелердің артуы және май бездерінің бұзылуы себеп», – дейді косметолог.

Басын ашып алдық. Енді проблеманы шешу жолдарын ұсынайық. Наталья Сулейменова ең алдымен бет күтіміне аса мән беру қажеттігін қаперге салады. Яғни, тазалау жұмыстарын барынша жиі, уақытылы жасап тұру қажет. Ол үшін бетті арнайы гельмен жуып, кейін ылғалдандыратын сұйықтықты жағу керек. Бұдан соң сарысуды қолданамыз, ең соңында бетке крем жағылады. Бұл – міндетті түрде жасалуы тиіс амалдар. Бетінде бөртпелері жоқ жандар да проблеманың алдын алу үшін осы процедураларды жасап тұрғаны абзал.

«20 жастағылар косметологқа бірнеше айда 1 рет келсе, жеткілікті. Одан ересек жандардың бет күтімі ерекше бақылау мен тазалықты талап етеді. Сәйкесінше, маманның көмегіне жиірек жүгінген дұрыс. Әр клиенттің бетін қалыпқа келтіру процестері әртүрлі жүргізіледі. Яғни, ем бет терісі мен жас ерекшелігіне қарай жасалады», – дейді Наталья Сулейменова.

Бөртпеден кейінгі дақтармен қалай күресеміз? Бұл ретте ретинолды, сүтті және салицилдық пилингтер көмектеседі.

«Бет терісін сақтаудың негізгі амалы– бетке қорек беріп, ылғандандыратын кремдер қолдану. Ол флюид, эмульсия сынды өнімдер болуы мүмкін. Әрине, оларды өз бетінше таңдап, қолдануға болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Сол үшін арнайы мамандарға жүгініп, тек кеңес бойынша емделген жөн», – деді косметолог.

Күтімге қажетті косметиканы сатып аларда жас пен тері типіне қарай таңдаудан бөлек, оның құрамына кіретін негізгі заттарға көңіл бөлу керек.

Тағы оқыңыз: А. Сапаров: Жүктелген міндетті сапалы орындамаған құрылыс компаниялармен келісімшартты бұзу қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x