А.Сапаров: Жүктелген міндетті сапалы орындамаған құрылыс компаниялармен келісімшартты бұзу қажет

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бүгіндері шаһардағы кей тұрғын үйлердің  құрылысы тым ұзаққа созылып кеткен. Осыған қатысты өңір жетекшісі мердігер компания басшыларына ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Жас Өркен» шағын ауданындағы Горький көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің құрылысы 2021 жылдың маусым айында басталған. Алайда нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмей, ұзақ мерзімді құрылысқа айналды. Шаруаға жауапты компания әлі күнге дейін баспана маңын абаттандыруға да кіріспеген. Мердігер кәсіпорын басшысының сөзінше, оған учаскенің дайын болмауы себеп болған. Яғни, аумақтағы ескі жер үйлер кеш сүрілген. Мұндағы пәтерлерді тексеру кезінде де бірқатар олқылықтар анықталды. Нысан тапсырылмай жатып төбелер мен қабырғаларда жарықтар пайда болған. Тіпті, кіреберіс есіктер де дұрыс орнатылмаған болып шықты. Айдарбек Сапаров кемшіліктерді түзетіп, тұрғын үйді 15 маусымға дейін қолданысқа енгізуді тапсырды.

«Құрылыс жұмысы толығымен аяқталмаған. Абаттандыру жұмысы тіпті де басталмады. Нысанда қазір 25 адам еңбек етіп жатыр. Сіздерге нақты міндет қойылды. Сондықтан жұмыс та кестеге сәйкес жүруі тиіс деген сөз. Ең алдымен, ескі үйлерді толығымен бұзып, аумақты тазарту қажет. Құрылыс алаңы дайын болған соң ғана конкурс жариялап, мердігер компанияны белгілеу керек», – деді СҚО әкімі Айдарбек Сапаров.

А.Сапаров: Жүктелген міндетті сапалы орындамаған құрылыс компаниялармен келісімшартты бұзу қажет

Дәл осындай проблема облыс әкімі барған басқа үйлерде де бар болып шықты.

«Жауапты органдарға тұрғын үйлер бойынша барлық шарттарды қайта қарауды тапсырамын. Қажет болған жағдайда жұмысын жөнді атқармайтын мердігерлермен келісімшартты бұзып, жаңа құрылыс компанияларын іздестіруге кеңес беремін», – деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: Аттестат табыстау рәсімі 20-22 маусымда өтпек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x