СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданының орталығында 12 жыл бұрын салынған тубдиспансер ғимараты қаңырап бос тұр. Бүгіндері нысан жөндеуді қажет етеді. Екі жылдан бері пайдаланылмай жатқан мекеме алдағы уақытта ауданаралық ауруханаға айналмақ. Мұны өңірлік коммуникациялар алаңына келіп, Qazaqstan Media тілшісінің сұрағына жауап берген аудан басшысы Руслан Аңбаев айтты.

 Новоишимка елді мекенінде орналасқан тубдиспансер 12 жыл бұрын «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған. Сол кезде оның құрылысына республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген еді. Алайда екі жыл бұрын нысан жабылды. Оны денсаулық сақтау басқармасындағылар науқастар санының азаюуымен түсіндірген. Содан бері қаңырап бос тұрған ғимарат қирай бастаған.

СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр

СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр
СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр

«Иә, қазір ғимарат жөндеуді қажет етеді. Біз онда жиі барып, нысанның техникалық жағдайын қадағалап отырамыз. Мекеме аудандық әкімдіктің балансында тұр. Оны арнайы фирма тәулік бойы күзетеді. Ешқандай мүлкі ұрланып жатқан жоқ. Нысан қысқы уақытта жылытылмайды. Сондықтан оған бюджеттен қаржы қарастырылмаған», – деді Руслан Аңбаев.

Әкімнің сөзінше, олар ғимаратты бизнесмендерге де ұсынған. Алайда ауданы бес мың шаршы метрді құрайтын нысанды аламын деушілер табылмаған. Сондықтан әкімдік оны келешекті аураханаға айналдырмақ.

СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр
СҚО-да миллиардтаған қаржыға салынған жаңа тубдиспансер екі жылдан бері қаңырап бос тұр

«Нысанның өз азық-түлік блогы, асханасы бар. Ғимараттың ауданы да жақсы. Сондықтан біз облыс басшылығымен кеңесе отыра ұлттық жобаға қатысушы шештік. Сөйтіп, келешекте онда ауданаралық аурухана ашуды жоспарлап отырмыз», – деді спикер.

Тағы оқыңыз: Петропавлда құрылыс материалдарын шығаратын ірі зауыт салынбақ

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x