[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/Свыше-100-фактов-нахождения-несовершеннолетних-вне-жилища-в-ночное-время-выявлено-за-4-дня-в-СКО-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың 9-ы мен 12-сі аралығында «Жасөспірім» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Полицейлер рейд ұйымдастырып, жастар жиналатын орындарды тексерді. Нәтижесі көңіл көншітпейді. 8 солтүстікқазақстандық жасөспірім мас күйде жүрген, деп хабаралйды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-анасының қарауынсыз түнде үйден тыс жерде жүрген 110 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған. Соның 16 фактісі Петропавл қаласында орын алды. 8 жасөспірім мас күйде ұсталған. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрмысы қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша да тексерулер жүргізілді. Ювеналды полицейлер қала бойынша тіркелген 60-тан астам мекенжайда болды. Нәтижесінде алкогольді асыра пайдаланатын 3  жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінген. Шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x