[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/829ed39d-4ae3-44ef-8438-08e699c9276a-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Ел бойынша «Көктем» командалық-штабтық жаттығулары басталды. Оның басты мақсаты – 2023 жылғы су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою және іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету жөніндегі Штаб Қарағанды қаласында орналасқан. Петропавлда да жауапты ведомстволардың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті. Іс-шара «Жас өркен» ықшам ауданынан бастау алды. Жиынға 350-ден астам арнайы техника мен 850-ге жуық адам қатысты. Шұғыл шара барысында негізінен, қар тазалау жұмыстарына екпін берілді.

«Наурыз айының 2-сі мен 3-і аралығында барлық техникалық ресурстарды елді мекендердергі қарды тазалауға жұмылдырамыз. Облысымызда су басу қаупі жоғары 42 ауыл бар. Олардың басым бөлігі Қызылжар, Есіл аудандарында орналасқан», – деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов. 

Жалпы, бүгінгі күнге дейін Петропавлдан 300 мың текше метр қар қала сыртына шығарылған. Күн күрт жылыған жағдайда облыс орталығының 3 шағын ауданына су келуі мүмкін. Олар: «Ойқала», «Хромзауыт» пен «Заречный» кенті.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x