СҚО-да кәсіпорындардың бірінен 45 келі сынап тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінде улы заттарды сақтау ережесі бұзылғаны анықталды. Ол жерде 45 келі сынап табылып, тәркіленді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Рolisia.kz сілетеме жасап.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген болатын. Оның барысында өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексерілді. Есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 келі есірткі және психотроптық заттар, тоғыз мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді. Лицензиялау нормалары бұзылған және техникалық нығайту талаптарына сай келмейтін сақтау объектілеріндегі үш мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

«Мысалы, тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік нысандарының бірінде улы заттармен жұмыс жасау ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 кг сынап табылып, тәркіленді. Сонымен қатар елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Тағы да оқыңыз: СҚО-да соңғы үш жылда полицейлер арасында жемқорлық фактілері азайған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x