СҚО-да 7600 көпбалалы анаға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі

Халықаралық әйелдер күніне орай солтүстікқазақстандық 7600 көпбалалы анаға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Ол үшін 203,4 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыста жергілікті атқарушы орган өкілдерінің шешімімен жылда  азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелер мен есте қаларлық даталарға орай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл біржолғы материалдық көмек көрсетуге бюджеттен 570,6 млн теңге бөлінген.

«8 наурыз мерекесінеде «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен  1-ші және 2-ші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандарға 10 АЕК яғни 36920 теңге көлемінде әлеуметтік төлем беріледі. Және халықаралық әйелдер күніне орай,  4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 18 460 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі.  Облыста бұл төлемді шамамен 7600 әйел алады», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Елжасов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да кәсіпорындардың бірінен 45 келі сынап тәркіленді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x