СҚО-да соңғы үш жылда полицейлер арасында жемқорлық фактілері азайған

Солтүстік Қазақстан облысы полиция депратментінің мамандары арсында жемқорлық фактілері азайған. Айталық, 2021 жылы 12 полицей сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 2023 жылы аталмыш факті бойынша екі маман ғана жазаланды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлердің арасында көбіне параны жол сақшылары алады деген пікір қалыптасқан. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерген, дейді мамандар. Былтыр екі тәртіп сақшысы жемқорлықпен ұсталса, 2021 жылы 12 полицей қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен. Қазіргі кезде көз қыстылық, бармақ бастылықты азайту үшін ҚР ІІМ үлкен жобаларды қолға алған. Солардың бірі – мамандарды онлайн бақылау.

«Мысалы, барлық қызметтік бөлмелерде бейнекамера орнатылған. Қызметтердің көбі электронды түрге ауыстырылған. Ішкі талдау жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар әр жол сақшысы мен учаскелік инспектор бейнетіркеуішті қосып кезекшілік етеді. Жұмыс уақыты басталғаннан бастап бейнетіркеуішті сөндірмеу керек. Тек шұғыл жағдайда ғана сөндіре алады. Қызметкер жұмыс күні аяталғасын бейнетіркеушіті тапсырады. Ондағы бар ақпаратты арнайы маман көшіреді. Кейін мониторинг жүргізіледі. Егер маман басшылықты ескертпей бейнетіркеуішті сөндірсе, бұл жағдай бірден тексеріледі. Егерде мұндай әрекет жиі қайталанса, жұмыстан шығару мәселесі көтеріледі», –  дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.

Құқық қорғау органдары мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тіркелген әр факті бойынша жедел түрде қызметтік тексеріс жүргізіледі. Одан қалды маманды жұмыстан шығару, жауапқа тарту бойынша шаралар қолданылады.

«Егер бір маман парамен ұсталса, оның тікелей басшысы қызметтік орнын босатады. Оған қоса, бір кездері оны ұсынған, тағайындаған, бақылаған мамандар да тәртіптік жауапкершілікке таратылады», – деп нақтылады Сәуле Андағұлова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда көшеден 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x