СҚО-да биыл 80 адам вирустық гепатитке шалдықты

Жыл басталғалы облыста 80 адам созылмалы вирустық гепатитке шалдыққан. Сырқаттанушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 адамға азайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Вирустық гепатит – бауырдың қауіпті әрі кең таралған жұқпалы ауруы. Бұл дерттің түр-түрі бар. Соның ішінде А типтісі жиі кездеседі. Сырқаттанған адамның дене қызуы көтеріліп, алғашында тұмауға шалдыққандай күй кешеді. Гепатитті жұқтырғаннан кейін бауырдың қызметі нашарлап, зат алмасу процесі бұзылады. Әдетте, А, Е деген түрлері ішек инфекциясы сияқты дұрыс тазаланбаған азық-түлік пен судан, кейде жуылмаған қолдан пайда болады.

«В, C және D гепатитінде вирустар ағзадан ішек арқылы бөлінбейді. Бұл кезде қанға еніп, созылмалы дертке апаруы мүмкін. Гепатитпен ауырған адам 1-2 аптаға дейін сарғайып кетеді. Тамаққа тәбеті жоғалып, жүрегі айнайды. Кей жағдайда денесі бөртіп, қышуы мүмкін. Әрі буындар сырқырап, дене қызуы көтеріледі, жөтеліп, мұрыннан су аға бастайды. Сырқаттанған адамның дәретінің түсі де өзгереді», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Салтанат Беккожина.

Гепатитке шалдыққан адам отбасымен бірге оқшауланып, қоғамдық орындарға бармағаны абзал. Өйткені, инфекцияның басқа жандарға тарап кетуі әбден мүмкін. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 80 адам вирустық гепатитке шалдыққан. Санитар мамандардың ақпаратынша, өткен жылы осы кезеңде 86 адам науқастанған.

Тағы оқыңыз: Мыңнан астам талапкер қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқуға ниетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x