Биыл облыста 4,5 млн гектарға дақыл егілмек. Сапалы өнім алу үшін диқандар 3 млн гектарға 200 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аграрийлерге тасымалдаушы компания өкілдерімен кездесуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде диқандар өздеріне тиімді бағада тыңайтқыш сатып алу үшін келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы жылы облыс диқандары 4,5 млн гектардың 3,2-не дәнді және дәнді-бұршақты дақыл, 964 мыңына майлы, 353 мыңға жем-шөп, 34,1 мың гектарға картоп пен көкөніс екпек. Мұнымен қоса өңір жетекшісінің тапсырмасын орындау мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмық алқабы 3 есеге ұлғайтылмақ. Жалпы, биыл агроқұрылымдар 488,5 мың тонна тұқыммен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және топырақтың құнарлығын сақтау мақсатында осы жылы 3 млн гектар алқапқа 200 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. Осы ретте, тыңайтқышты тиімді бағамен сатып, уақытылы жеткізетін тасымалдаушылармен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Облыс әкімінің тапсырмасы аясында аграрийлер тасымалдаушы компания өкілдерімен кездесуге мүмкіндік алды. 

«2021-ші жылы өңір диқандары егістік алқаптарына160 тонна, өткен жылы 170 мың тонна енгізсе, биыл 200 мың тонна минералды тыңайтқыш сеппек. Бұл ең алдымен өнімнің сапасына әсер етеді. Сол себепті аграрийлер күзде жақсы өнім алу үшін көктемгі дала жұмыстары кезінде қызу жұмысқа кіріседі», – дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Ресей Федерациясы, Башқұртстан, Германия мемлекеттерінен минералды тыңайтқыш жеткізетін «BayDala» компаниясы бұл нарықта 5 жылдан бері жұмыс істеуде. Қазіргі таңда серіктестік ел бойынша 800-ге жуық агроқұрылымға тыңайтқыш тасымалдайды. Соның 200-і солтүстікқазақстандық диқандарға жеткізілмек. Өткен жылы компания облысқа 20 мың тонна минералды тыңайтқыш сатқан.  

«10-нан астам зауыттармен жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, минералды тыңайтқышты сақтайтын қоймаларымыз бар. Олар Қазақстанның 5 облысында орналасқан. Жалпы біздің компания Қазақстандық қана емес сонымен қатар шетелдік өндірушілердің өнімін сатумен айналысады. Қазіргі таңда қосымша 300-400 агроқұрылыммен қарым-қатынас орнатсақ па дейміз», – дейді «Вaydala» компаниясының өңірлік менеджері Самат Таңатқанов.

Жалпы қазіргі уақытта 130 мың тонна тыңайтқышқа келісімшарт жасалды.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x