СҚО-да биыл қарақұмық алқабы тағы да ұлғаяды

Солтүстік Қазақстанда егіс алқаптарын әртараптандыру биыл да жалғасады. Майлы дақылдарды 751 мың га жерге егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс бойынша егіс алқабы – 4,5 млн га құрайды. Оның 3,4 млн гектарына дәнді дақылдар егіледі. Ал 751-і майлы және 379-ы жемшөп дақылдарына бөлінген. Былтыр майлы дақылдар 685 мың га жерге себіліпті.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамту үшін қарақұмық алқабы 24 мың гектардан 26 мың гектарға дейін, ұйымдастырылған картоп шаруашылықтарында алқап 6 мың гектардан 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасар Марат Тасмағанбетов әкімдікте өткен жиында.

Элиталық тұқымның мөлшері де арттырылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сортты жаңарту пайызы 9,5% -ды құраған. Биыл бұл көрсеткішті 10% – ға жеткізу көзделір отыр.

«Облыста су үнемдеу технологияларын (жаңбырлатып және тамшылатып суару) қолдана отырып, суармалы жерлердің алаңдарын біртіндеп ұлғайту, олардың алаңдарын 2028 жылы 10,1 мың гектарға дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар бар.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 5,4 мың гектарға дейін ұлғаяды», – деді өз баяндамасында Тасмағанбетов.

Тағы оқыңыз:Петропавлда Ауған соғысы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x