Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Бұл соғысқа 1500 солтүстікқазақстандық қатысқан. Олардың 46-сы майдан даласында көз жұмды. Атаулы датаға орай, Петропавлда Ауған соғысы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі іс-шараға қатысушылардың бірі ауған соғысының ардагері Құсман Бегалинов. Ол Ауғанстанның шығыс провинциясында, Пәкістанмен шекаралас аумақта болған. 10 жылға созылған соғыста ардагер КСРО кеңесшісі болған.

Петропавлда Ауған соғысы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Кеңесші болып жүріп соғыстағы батырларымыздыңқал-жағдайын сұрап тұратынмын. Ешкім мағанөздерінің қиын жағдайларына қарамастан шағымайтпайтын. Себебі, олар өздерінің интернационалдық борышын орындап бейбіт күн үшін күресті. Көбісі 18 жаста еді. Олар бір-біріне қолдау көрсетіп, соғыстан аманесен елге оралды», деді ауған соғысының ардагері Құсман Бегалинов.

Жалпы ауған соғысына 1500 солтүстікқазақстандық қатысқан. Олардың тек 600-ден астамы елге оралды.

«Бүгін ауған жерінен кеңес әскерлерініңшығарылғанына тура 35 жыл толып отыр. Соғыстаерлікпен қаза тапқан жерлестерімізді еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою үшін жиналыпотырмыз. Қанша уақыт өтседе, бұл соғысардагерлердің әлі де есінде. Сұрпыл соғысқа қатысқанбатырларымыздың есімдері әрқашан тарихтасақталуы керек», дейді облыстық Ауғанстан жәнежергілікті соғыстар ардагерлері одағының төрағасы Ерік Тәттібаев

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x