СҚО әкімі: Бір ағашты кескеннен кейін, орнына бесеуін отырғызатындай қылу керек

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров бір ағашты кескеннен кейін орман пайдаланушылары оның орнына бесеуін отырғызу қажеттігін ұсынды. Сөзінше, осылайша табиғатымызды сақтап қала аламыз. Бұл мәселе мәслихат отырысында қаралмақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірдің орман шаруашылығы саласында да көкейді мазалайтын сұрақтар бар. Оның біреуін жеке кәсіпкер Евгений Золотарев қозғады. Азаматты солтүстікқазақстандық орман пайдаланушылар үшін орманды жалға алу уақыты басқаларыныкінен қарағанда аз екені алаңдатады.

«Орман кодексіне сәйкес, мемлекеттік қор учаскелеріндегі орман ресурстары пайдаланушыларға 10-нан 49 жылға дейін жалға беріледі. Алайда, 2018 жылы уәкілетті орган біздің облыс бойынша орман пайдалануды жалға алудың ең аз мерзімін белгіледі. Осыған байланысты, біздің кәсіпкерлермен 10 жыл мерзімге жалдау шарттары жасалды, ал басқа облыстарда ол 49 жылды құрайды. Бұл инвестициялық тартымдылыққа әсер етпей қоймасы анық. Сондықтан, уақытты создыруды сұраймыз», – деді кәсіпкер.

Өз кезегінде аймақ басшысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына осы мәселені қарастыруды тапсырды. Бірақ алдымен егжей-тегжейлі талдап, жан-жақты зерттеу жүргізу қажеттігін еске салды.

«Біздің облыста орман пайдаланушылары үшін жарты млн гектардан астам жер бар. Бірақ, соңғы уақытта көрсеткіш 28 мыңға азайды, бұл – үлкен аумақ. Біздікілер ағаш кеседі, бірақ орнын толтыруға аса мән бере қоймайды. Сол үшін бір ағашты кескеннен кейін орнына бесеуін егу шартын ұсыну қажет. Одан бөлек, өңірде қайта өңдеу саласы ақсап тұр. Әйтеуір, түрік компаниясы келіп фанер өндірісін қолға алды. Қалғадары тек көмірмен айналысады. Бұл мәселені де қарастыру керек», – деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз: “Sensitive” би театры Испанияда гран-приға ие болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x