Солтүстікқазақстандық ақын, жазушы, журналист Зейнолла Әкімжановтың жаңа шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Оны жас ақын Самрат Құскен жинақтап, «Замана шам-шырағы» атты кітап етіп шығарды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жамбыл ауданы, Амангелді ауылының тумасы Зейнолла Әкімжанов — ақын, журналист, жазушы және драматург ретінде танылған. Өмірін өңірдің әдеби-мәдени саласын дамытуға арнаған жан. Оның өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол туған жер мен елге деген махаббатын, ата-анаға деген алғысын, қазақ әдебиетінің алыптарына арнаған жырлары көп.
Жаңа жинаққа Зейнолла Әкімжановтың 1984-2014жж аралығында облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған туындылары кірген.

СҚО-да жерлес ақын Зейнолла Әкімжановтың шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

«Мен екі жылдан артық газет беттерінде жарық көрген шығармаларын жинақтадым. Оны реттестіріп, Алматы қаласындағы баспалардың біріне тапсырыс беріп, шығардым. 400-ден астам поэзия, прозасы енді. Кітап 500 данамен шықты. Ақын өлгенменен, оның жырлары, шығармалары тірі. Бізге аманат», — дейді Самрат Құскен.

СҚО-да жерлес ақын Зейнолла Әкімжановтың шығармалар жинағының тұсаукесері өтті

«Замана шам-шырағы» кітабы алдағы уақытта облыстың барлық аудандарына таратылатын болады. Ол оқырмандар үшін кітапханаларда қолжетімді болмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қараша айының алғашқы күндері жылы болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *