Солтүстік Қазақстан полицейлері «Заңсыз келуші-таксист» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның аясында тәртіп сақшылары такси жүргізушілерін тексерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Заңсыз келуші – таксист» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыста қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауына бағытталған. Оның асяныда такси жүргізушілері тексерілді. Нәтижесінде 11 заңсыз тасымалдаушы анықталды, оның ішінде 21 жастағы шетелдік бар.
Бұдан бөлек, полицейлер жолаушыларды міндетті сақтандырусыз тасымалдаумен айналысқан 17 жүргізушіні анықтады. Тағы 24 адам техникалық тексеруден өтпеген көліктерімен жүрген. Ал алты адамның көлік жүргізу құқығы болмаған. Сондай-ақ іс-шара барысында көші-қон заңнамасының түрлі 92 бұзушылығы анықталды.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда апатты мектептер жоқ