Петропавлдың автобус паркі жаңартылды  

Петропавл қаласында автобус паркі бес жаңа көлікпен толықты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Dongfeng маркалы жаңа автобустар Петропавлда 31 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдап жүр. Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһарда күніне 18 бағыт бойынша 185 автобус жүреді. Соңғы жылдары Петропавлдағы қоғамдық көліктер жаппай жаңартылуда. Мысалы, 2021 жылы 100 автобус сатып алынды. Осының арқасында автобус паркі 51 % жаңарды. Былтыр жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын Kyzylzhar Buses серіктестігі Dongfeng маркалы автобустар сатып алыпты.

«Былтыр саяжай бағыттарына қатынайтын автобустарды жаңаладық. Енді биыл тағы бесеуін алып жатырмыз. Жалпы бүгінде бізде барлығы 80-ге жуық техрника бар. Паркіміздің 90% жаңа деп айта аламын. Алдағы уақытқа жоспарымыз ауқымды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Себебі, біздің міндетіміз-тұрғындарға сапалы қызмет көрсету»,- деді «Kyzylzhar Buses» ЖШС жетекшісі Бауыржан Құсайынов.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар қайтадан маска киетін болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x