Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар

Уәлиханов ауданында екі елді мекенді су басуы мүмкін. Қауіпті аймақта 400-ге жуық адам тұрады. Сондықтан аудан құтқарушылары тасқынға қарсы әрекеттерді пысықтап жатыр. Кешеден бері төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Көктем-2024» оқу-жаттығу шараларын ұйымдастырып, су тасқыны кезінде болатын апаттарды жою бағытында жұмыс істеуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпанның сегізі күні Кішкенекөл ауылында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның басты мақсаты – басқару органдарының, күштер мен құралдардың көктемгі су тасқанына дайындығын тексеру болды. Жаттығулар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бастығы Кирилл Иванников және аудан әкімінің орынбасары Жанна Жантілеуованың басшылығымен өткізілуде.

Сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарына төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссия, азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялық қабылдау комиссиясы, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындары қатысып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, апат бола қалған жағдайда әрекет ететін барлық қызметтердің дайындығы пысықталады.

Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар

 

«Алдын ала оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орындар таңдалды. Біріншіден, шұғыл әрекет ететін жасақтардың дайындығы тексерілді. Кейін Кішкенекөл ауылындағы Набережная көшесін нығайту бойынша жұмыстар жасалды. Мұнда қаптарға инертті материалдар толтырылып, оларды тиеу, тасымалдау және қалай төсеу керек екендігі көрсетілді. Бұл жұмыстарға онға жуық адам тартылды. Сондай-ақ 4 техника жұмылдырылған», – деді Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Олжас Қаркөшев.

Бұл күні төтенше жағдай болған аймақтардан халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау шаралары да көрсетілді. Яғни, алда-жалда су тасқыны бола қалса, үйлерін су басқан  тұрғындарды орналастыратын пунктер бекітілді.

«Эвакуациялау пункті № 2 Кішкенекөл орта мектебінде орналасты. Оқу-жаттығу барысында халықты хабардар ету, тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды пунктерге алып келу, қабылдау, тіркеу, орналастыру және оларды тамақпен қамтамасыз ету, осының барлығы пысықталды», – деді Олжас Қаркөшев.

Жалпы, ауданда ондай 22 орын бар екен. Тағы сонша жылыту пункті де жұмыс істейді. Олар бір мезетте 1300-ден астам адамды қабылдай алады.

Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар

Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар

Оқу-жаттығу жиындары барысында қар шығару жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығы да тексерілді. Қыс басталғалы аудан орталығынан 1200 текше метр қар шығарылған. Наурыз айына дейін тағы бес мың текше метр ақ ұлпа шығару жоспарланып отыр. Бұл шаруа қалған елді мекендерде де атқарылады.

Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар
Уәлиханов ауданында 92 үйді су басу қауіпі бар

«Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары барысында Кішкенекөл ауылын жылумен жабдықтау жүйесіндегі апатты жою бойынша іс-қимылдар да пысықталды. Мұнда сценарий бойынша жарақат алған адамға көмек көрсетіліп, ол емдеу мекемесіне жөнелтілді. Кейін жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, барлық ауылдық округтерде су айдау құрылғылары мен мотопомпалардың жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Ауылдық округтерде үйінділер мен қапшықтарға инертті материалдар толтырылып, дайындалды. РКШО өткізуге 15 ерікті тартылды. Олар үш бірдей жалғызбасты қарияның үйінің ауласынан және шатырынан қар шығаруға көмектесті. Бұл шаруаны еріктілер бүгін де жалғастырады. Осылайша, тағы үш отбасыға қолдау көрсетпек», – дейді спикер.

Биыл қыс қарға сараң болмады. Синоптиктердің хабарлауынша, Уәлиханов ауданында қар жамылғысының биіктігі – 29 см құрайды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 26 см) көбірек. Мұны мамандардың өздері де айтып отыр.

«Биыл қар өткен жылғыға қарағанда 20 % көп түсті. Топырақтың қатуы Кішкенекөлде – 75 см-ге, Ақтүесайда-150 см-ге жетеді. Қар жамылғысындағы су қоры – 96 мм. (2023 жылы – 62 мм.). Жалпы, бізге басты қауіп Сілеті су қоймасынан келеді. Біз жағдайы күнде бақылап отырмыз. Бүгіндері ондағы судың көлемі – 65 % құрайды. Әзірге, жағдай тұрақты», – деп мәлімдеді Уәлиханов ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.

Сілеті су қоймасы арнасынан асса аудандағы екі елді мекенге қауіп төндіреді. Ол – Қаратал мен Қулыкөл ауылдары. Тасқын су 398 тұрғыны бар 92 үйді басуы мүмкін.

«Бүгіндері аталған ауыл тұрғындарына төтенше жағдай бола қалған жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды. Халықты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындағаны туралы алдын ала хабардар ету мақсатында 2 құрылғы алынды. Биыл тағы біреуін алу көзделген. Қулыкөл ауылдық округі аумағында Сілеті өзенінің сағасы бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай- ақ жалпы ұзындығы – 11 км (Қулыкөл – 6 км, Қаратал – 5 км), биіктігі – 1,5 метр жер үйінділері жасалмақ. Жалпы, 2024 жылға арналған көктемгі су тасқынына дайындық шараларының жоспары бекітілді. Ақпанның 15-нен бастап наурыздың 15-не дейін айлық ұйымдастырылады. Бір ай бойы мамандар аудан халқына су тасқыны кезеңінде қалай әрекет ету керектігін түсіндіреді», – деп мәлімдеді Олжас Қаркөшев.

Апат айтып келмейді. Сондықтан көктемгі су тасқынына қарсы атқарылатын іс-шараларға аудан бюджетінен 12 млн 630 мың теңге бөлінген. Оның 1 млн  985 мың теңгесі төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталды.

«Бүгіндері 30-дан астам техника мен қажетті жанар-жағармай қоры әзірленді. Инертті материалдар да дайын. Ауданда автомобиль жолдарында 105 су өткізу құбыры (республикалық – 15, облыстық – 35, аудандық – 55, кентішілік – 33) бар. Наурыз айына дейін олардың барлығы тазартылатын болады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін ауданда қапшық, отын, мотопомпалар және басқа да құралдар қоры жеткілікті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарымен де өзара ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. Бүгінгі күні су басу аймақтарынан халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жоспарларына түзету енгізілді. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі аудандық жедел штаб құрылды», – дейді Олжас Қаракөшев.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың автобус паркі жаңартылды 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x