Петропавлда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде өрт шығып, ғимараттың екінші қабаты мен шатыры түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат төрттер шамасында болған. Московский көшесі, 60 мекенжайында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының ғимаратында өрт шығып, от 90 шаршы метр аумаққа жайылып кетті.

«Ғимараттың екінші қабаты мен шатыры толығымен жанып кетті. Нысанға жапсарлас орналасқан азық-түлік дүкеніне зақым келген жоқ. От таңғы жетілер шамасында ауыздықталды. Қызыл жалынмен 30-ға жуық маман күресті. Тағы 10-ға тарта техника жұмылдырылды», – деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 90 мың адам МӘМС жүйесіне тіркелмеген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x