Петропавлда тасқын кезінде бүлінген мүліктері үшін өтеамқы алуға өтініштерді қабылдап жатыр

Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар  бүлінген мүліктері үшін төлем алуға арыздарын жазып жатыр. Олардың құжаттарын қалалық әкімдікте құрылған арнайы комиссия қабылдауда. Бүгінге дейін зардап шеккендердің басым бөлігі өтініштерін жазып үлгерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Галина Демидованың үйі ьасқын кезінже толығымен су астында қалған. Кейін апатты деп танылып, сүрілген. Қазір ол ұлы екеуі үш бөлмелі пәтерді сатып алып жатыр. Қалалық әкімдікке бүлінген мүлкі үшін өтемақы алуға өтініш жазуға келіпті.

«Бұрын Заречныйда үш қабатты үйде тұрғанбыз. Кейін 17 жыл бұрын жер үй сатып алды. Бай-бақшамыз, монша, сарайымыз бәрі болды. Дәл осындай тасқын болады деп күтпедік. Баспанамыз толық су астында қалды. 60 шаршы метр болатын, соған сәйкес  үш бөлмелі пәтер алдық. Бүгін бүлінген мүлік үшін өтемақы алуға өтініш жаздым. Бір ай көлемінде түседі деді. Оған үйге жиһаз аламын»,- деп жоспарымен бөлісті қала тұрғыны.

Қалалық әкімдіктегі арнайы комиссия күн сайын тасқыннан зардап шеккен тұрғындарды қабылдайды. Есеп бойынша 2156 баспана зардап шекті. Олардың иелері барлығы 100 АЕК мөлшерінде өтемақы алды.  Бір мыңнан астамы жаңа пәтерлерін ресімдеп үлгерді. 200-ге жуығы Бірлік шағын ауданынан жер үйдің кілтін алды.

«Бүлінген мүлік үшін өтемақыға өтініш қабылдау бойынша комиссия жұмысты аяқтап жатырмыз. 2000-ға жуық азамат өтініштерін беріп үлгерді. Кейбір тұрғындармен хабарласа алмай отырмыз. Кейбірі  мұрагерлікті ресімдеп жатыр. Соның шешімін күтіп отырмыз. Жалпы өтемақыға өтініш қабылдау жұмыстары аяқталуға жақын»,- деді  Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысы Ольга Абдрахманова.  

Тағы оқыңыз: Петропавл аулаларын шөп басып жатыр 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x