Петропавлда ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы сылбыр жүргізіліп жатыр

Петропавлда 28 үй апатты деп танылған. Оған қоса, 210 баспана ескірген. Осыған қарамастан жергілікті атқамінерлер жағдайды жақсартуға асығар емес. Олар тіпті мемлекет беріп отырған мүмкіндікті толық пайдаланбай отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс басшысының қатысумен болған жиында  «ТҮКШ жаңғырту» бағдарламасы жайы айтылды. Бұл орайда  ұсынылған жобалар саны саусақпен санарлық.  Өңірдегі 1837 көпқабатты үйдің жартысына жуығына жөндеу керек. Бірақ атқамінерлер тек алты үйді ұсынған. Ал өзге облыстардың кейбірі 79 жобаның құжатын жіберіпті. Бұлай жалғаса берсе, бізде ескі үйлердің саны көбеймесе, азаймасы анық. Себебі, Петропавлдың өзінде 28 үй апатты деп танылған.

«Петропавлда 210 ескі үй бар. Тағы 28 көпқабатты баспана апатты жағдайда тұр. Осыған қарамастан тек алты жоба ұсынылған. Қалған жобалар қайда? Тұрғындар алдында есепті қалай бересіз? Не деп айтасыз? Сіз, Серік Мақсұтұлы командаңызбен толық жұмыс істей алмай отырсыз. Апаттық, есік үйлер көп бола тұра, мемлекеттік ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы арқылы  берілген мүмкіндікті пайдаланбай отырсыз. Басқа өңірлер, Ақтөбе – 28 жоба, Атырау – 35, Жамбыл – 79 жоба жолдаған. Бұған шатырды жөндеу, жедел сатыны жөндеу осы сынды үйге қатысты барлық инфрастурктура кіреді. Біз өз міндеттерін орындамай отырғандарды анықтап, тексеру керекпіз», – деді өңір басшысы Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да екі жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жобалар жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x