Петропавлда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспаналы болды

Бүгін 10 жылдан бері қалалық әкімдікте үй кезегінде тұрған, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 3 баланың әкесі Санат Мақанов баспаналы болды. Бұл отбасыға үй алуға облыстық кәсіподақ ұйымы мен С.М.Киров атындағы зауыттың басшылығы көмектескен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Санат Мақанов Тимирязев ауданының тумасы. Ол 2009 жылдан бері Петропавлдағы Киров зауытында  темір ұстасы болып жұмыс істейді. 2020 жылы 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған. Ер адам 10 жылдан бері «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша пәтер кезегінде тұр. Бірақ әлі күнге дейін баспанасына қол жеткізе алмай келеді. Сондықтан отбасымен бірге кәсіпорынның жатақханасын паналап келеді.

Петропавлда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспаналы болды

«14 жастағы балам мүгедек. Өзім  зауытта істеймін. Жұбайым болса бала күтімімен үйде отырады. Зауыттың жатақханасында тұрамыз. Онда тек коммуналдық қызмет үшін ғана ақы төлейміз» – дейді Санат Мақанов.

Ал бүгін Мақановтар әулетінің көптен күткен арманы орындалып, оларға 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

«Былтыр өңірге іс-сапармен ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келіп, осы зауыт ұжымымен кездесті. Сол кезде кімде, қандай мәселе бар екенін сұраған болатын. Сонда Санат өзінің проблемасын айтқан болатын. Төраға «Отбасы» банкінің басшысымен сөйлесіп, осы мәселені жеткізді. Зауыт басшылығы да Санаттың үй алуына жетпей жатқан қаржының қандай да бір сомасын төлеп, көмегін көрсетті. Сөйтіп, олар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып, пәтерге ие болды», – деді облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Нұрақаев.

Петропавлда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы баспаналы болды

Сонымен қатар ҚР Кәсіподақ федерациясы атынан Мақановтар отбасына тұрмыстық техника сатып алуға арнайы сертификат та берілді.

«Өз баспанамыз болатындығына әлі де сене алар емеспіз. Бұл күнді ұзақ күттік. Қол ұшын созған жандарға алғыс айтамын», – деді қала тұрғыны Санат Мақанов.

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x