Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Петропавлда дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шараға барлық аудандар мен 100-ден аса ірі кәсіпорын қатысуда. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін сауда нүктелері екі жерде ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бүгін таңғы 9-да басталды. Сауда алаңдарының бірі – Мағжан Жұмабаев көшесі бойында (Интернационал мен Пионер көшесінің аралығында), ал екіншісі Жұмысшы кентінде, Космановтар көшесі 79/1 өтіп жатыр. Барлық тауарлардың бағасы 15-20 пайызға арзан. Мәселен, жылқы етінің келісі-2700 теңгеден болса, сиыр еті-1950-2300 теңге аралығында. Және күнделікті қолданысқа қажетті азық-түліктерде тұрғындар назарына арзандатылған бағамен ұсынылды. Макарон өнімдері-280, сүт-200, ірімшік-850 теңгеден сатылды. Ал картоп пен пияздың келісі-100 теңге болса, сәбіз-110, қырыққабаттың бағасы-120 теңгеден.
Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
«Жәрмеңкеге барлық аудандар мен Петропавл қаласының 100-ден аса кәсіпорыны қатысып жатыр. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдері, мал азығы, бал, балық өнімдері ұсынылған. Жалпы, 1069 тонна өнімді саудалау жоспарланып отыр», — делінген СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Жамбыл ауданынан 5 серіктестік келген. Олар тұрғындарға сиыр, жылқы еті мен картоп әкелген. Сонымен қатар шөп, сабан мен жем, арпаны да арзандатылған бағамен сатып жатыр.

Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

«Біздің ауданның кәсіпкерлері бүгінгі жәрмеңкеге өз өнімдерін ұсынып жатыр. Сиыр етінің бағасы-1900 теңгеден басталады, қой етінің келісі-2200 теңгеден саудалануда. Бағалары таңдаған еттеріңізге байланысты. Жұмысшы кентінде де біздің ауданның кәсіпкерлері өз тауарларын сатып жатыр. Шөптің бағасы-7000,ал сабан-3000 теңге», – дейді Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рүстем Дүйсенбеков.

Петропавлда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеге Степура отбасы да қатысуда. Жанұя омарашылықпен 1 ғасырға жуық айналысады екен. Олар жәрмеңкеге келісі 2000 теңгеден болатын балдың 2 түрін әкелген.

«Бүгінгі жәрмеңкеге 200-300 келідей бал алып келдік. Өніміміз сұранысқа ие. Әсіресе, қазіргі уақытта бәріне бал керек»-дейді Дмитрий Степура.

Жәрмеңке бүгін кешке дейін жалғасатын болады. Оған өңірімізге танымал кәсіпорындар да қатысып, өз өнімдерін ұсынған. Оның ішінде «Зенченко и К» КС, «Масло-Дел» ЖШС, «Ростан» ЖШС, «Казмясопродукт», «ЕМС агро», «Жана Кус»ЖШС, «Астык-STEM», «Фирма Алекри» ЖШС-терін атап өтуге болады. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келген тұрғындардың да қарасы қалың.

«Бағалар өте қолжетімді. Жұмыртқа мен бал алдым. Осындай жәрмеңке болатынын естісем бірден келемін. Ұйымдастырушыларға рахмет», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Күлпәш Шайкина.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x