Аудан әкімдерін сайлау: 36 мыңнан астам тұрғын дауыс береді

Алдағы жексенбі, яғни 5 қараша күні облыстағы 3 бірдей ауданның әкімі сайланады. Дауыс беруге Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының 36 мыңнан астам тұрғыны қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратына сай, үш аудандағы 113 елді мекенде 48403 адам тұрады. Солардың тек 36 мыңнан астамы сайлауға қатысады. 5-ші қараша күні облыстық сайлау комиссиясы, 3 аудандық аумақтық комиссия мен 84 участкелік сайлау орны жұмыс істейді. Жалпы участкелік сайлау комиссияларына 440 адам мүшелік етеді.

«Сайлау күні белгіленгеннен 12 кандидат ұсынылған болатын. Олардың 6-ауы партия атынан болса, қалған 6-ауы өз-өздерін  ұсынған. 12 кандидаттың біреуі мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сай келмеді. Және 1-еуі қажетті құжаттарды толық ұсынған жоқ. Сондықтан осы 12 кандидаттың тек 10-ы ғана тіркелген болатын. Олардың 2-еуі кандидатурасын өз еріктерімен алып тастады. Қазір 8 кандидат бар. Олардың 2-еуі Есіл, ал Мамлют және Тимирязев аудандарында үш кандидаттан», – дейді облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x