Петропавлда 3030 бала бірінші сыныпқа барды

Биыл СҚО-да 7 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады. Оның 3030-ы Петропавл қаласында білім алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз, әліппе. Білім күні әр бүлдіршіннің есінде мәңгі сақталады. Биыл С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық мектеп гимназияның табалдырығын 62 бала алғаш аттап отыр.


«Өткен оқу жылында оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жеңімпаз атанды. Түлектеріміз грантқа оқуға түсті. Биылғы оқу жылына жоспар көп. Гимназия оған 100% дайын. барша оқушыларға сәттілік тілеймін», – деді мектеп директоры Күлтәй Мұқанова.

2023-2024 оқу жылында қала бойынша 3030 бала бірінші сынып оқушысы атанды. Ал, жалпы қала мектептерінде 28613 бала білім алатын болады.

Осы жылы қала бойынша 17 мектеп пен 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Оған 668 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі кезде барлық білім ордалары оқу жылына дайын.

Тағы оқыңыз: Президент: Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x