Петропавлда ескі үйдің қабырғасы опырылып, 49 жастағы ер адамды басып қалған. Қала тұрғыны жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 23 сәуір күні күндізгі 3-тер шамасында Партизан көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған. Аталған фактіге қатысты полицейлер іс қозғады.

«Бұл факті «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді», – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз:Су шайып кеткен «Жезқазған-Петропавл» тас жолында апта соңына таман қозғалыс жанданбақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x