Су шайып кеткен «Жезқазған-Петропавл» тас жолында апта соңына таман қозғалыс жанданбақ

«Жезқазған-Петропавл» тас жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін шұғыл қалыпқа келтіріп жатыр. Бұл Есіл ауданындағы Покровка елді мекені жанындағы жолдың бөлігі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқыны кезінде республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының 872 шақырымын су шайып кеткен болатын. «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалының  мамандары өткен аптадан бері бұзылған жол учаскесін қалыпқа келтіруде.

«Аталмыш жұмысқа Ақмола, Қарағанды облыстық филиалдарынан қосымша көмек жіберіліп, 7000 мың тоннаға жуық қиыршық тас жинақталып, төселуде. Мамандар аптаның соңына дейін осы учаскеде көлік қозғалысын ашуды жоспарлауда», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт қауіпті кезең басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x