Ертең Қазақстанда «Наурыз» атты жаңа ипотекаға өтінім беру басталады

Мамыр айындағы мерекелерге байланысты «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы 25 сәуір күні іске қосылады. Мұны президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жариялаған болатын, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Отбасы банктің» Instagram-дағы ресми парақшасында «Наурыз» бағдарламасының шарттары туралы айтылған.

-Бастапқы жарна 20 пайыз;

-Тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін несие бойынша мөлшерлеме 7;

-Азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме 9 пайыз;

-Несие мерзімі 19 жылға дейін.

Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, ал моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30 пайызынан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады. Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді.

«Бағдарламаға қатысу туралы өтінім беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет: Отбасы банкінде депозит ашу (жоқ болған жағдайда). Маңыздысы, салым мерзімі ескерілмейді; Жинақ шотта кемі 1 млн теңге қаражаттың болуы. Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады; Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы шарт»,- деп жазылған банктің хабарламасында.

Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді. Соңғы 6 айда ресми табыстың болуы. Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үйдің қабырғасы құлап, ер адам мерт болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x