[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-17-at-12.22.58-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлдық Тимур Кенжебаев темірден түрлі арт-композициялар жасайды. Бұған дейін бірнеше жыл банкте директор болып жұмыс істеген жерлесіміз сүйікті ісімен айналысу үшін негізгі кәсібін тастап хоббиін дамыта бастаған. Шебермен Qazaqstan Media тілшісі сұхбаттасты.

Тимур Кенжебаев 20-дан аса арт-бұйымның авторы. Бір қызығы оның қолынан шыққан туындылар көліктің жарамсыз бөлшектерінен, гайка, болттар секілді құралдар мен ескі газ және өрт сөндіруге арналған баллондардан дайындалған. Жоқтан бар жасайтын шебер бұл іспен бірнеше жылдан бері айналысады.

«Былтыр дәнекерлеу ісін меңгердім. Көбіне тапсырыстарға байланысты барбекю, қоршау, баспалдақ, мангал жасаймын. Ал, бос уақытта шабытыма қанат бітіріп, түрлі арт-композиция құрастырамын. Мұның бәрі Walding group Қазақстан атты байқауға қатысудан басталды. Кейін осы салаға толығымен бет бұрдым десем болады. Бұйымдардың кейбірі көлемді. Шеберханама сыймай кетеді. Сондықтан, бірнешеуін қаладағы арт мұражайға өткіземін деп шештім. Олар да туындыларымды қуана қабылдап алды. Тіпті үлкен көрме де ұйымдастырды. Осының арқасында көпшілік мені танып үлгерді», — дейді Тимур Кенжебаев.

Қазір Тимурдың шеберханасында қос бірдей жаңа арт-композиция тұр. Оларға шебер «көліктегі іскер робот» және «динозаврлар отбасы» деген атау беріпті. «Көліктегі іскер робот» туындысына шебердің кенже қызы «Гриша» деген ат беріпті. Дулығаны ол кәдімгі металл шәйнектен дайындаған. Ал көліктің алдындағы шамдарын тоңазытқыштың қажетсіз бөліктерінен алған. Ең қызығы, көліктің дөңгелектері ұлының велосипедінен дайындалған екен.

Тимур жаңа идеяны өз отбасынан алады. Шебердің жаны жаңашылдыққа құмар. Бастаған кішкентай бұйымын үлкен композиция етіп әзірлеуге тырысады. Оған мысал «Динозаврлар отбасын» айтуға болады. Тимур Кенжебаевтың айтуынша, бұл жұмыста  жұмыртқаны енді жарып шыққан динозаврларды жасау қиындық тудырған.

«Бір күні кешке кенже қызымды ойнатып отыр едім. Қолынан динозаврдың ойыншығын байқап қалдым. Содан ойыма осы идея келді. Бірден іске кірістім. Жұмыртқаны енді жарып шығып жатқан кішкентай динозаврлар композицияның басты ерекшелігі десем болады. Идеямды жүзеге асыруға 10 күнім кетті. Уақыттың көп бөлігін – материалдарды іздеумен бояп, қалыпқа келтіру алды. Бұған ескі өрт сөндіргіш баллондар мен малға жем-шөп беретін металл астауларды пайдаландым», — дейді шебер.

Осылайша, сүйікті хоббиін табысты кәсіпке айналдырған Тимур,  адам өзі айналысатын іске ерекше қызығушылықпен қараса, міндетті түрде жетістікке жетеді дейді. Осындай ұстаныммен өмір сүретін шебердің туындылары бүгінде қала көшелеріне сән беріп тұр.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x