Петропавл қаласының тұрғыны Лилия Заяц Ғауез Нрмұхамбетовтен облыстық балалар ауруханасың дәрігерлерін жазалауды сұрады. Себебі, қала тұрғынының 7 жасар қызына ақ халаттылар  дұрыс диагноз қоймаған. Салдарынан кішкентай қыз мүлдем тамақ ішпей, ауруын асқындырып алған, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Бұл туралы бүгін Петропавлда өткен азаматтарды бірыңғай қабылдау күнінде белгілі болды. Лилия Заяцтың сөзінше, оның қызы өткен жылдың қазан айында ауырып жұқпалы аурулар ауруханасына түседі. Онда 3 күн жатып, жедел түрде облыстық балалар ауруханасына ауыстыралған. Ол жерде дәрігерлер кішкентай қызға көкжөтел диагнозын қойып, тек тамырына дәрі қоя берген. Ал бала екпеден құсып, мүлдем орнынан тұра алмай қалған.

«Екпеден қызым мүлде орнынан тұра алмай, тек құса берді. Бас дәрігер солай болуы керек деп айтып кетті. Ал қызымның жағдайы тек нашарлай берді. Кейінен біз ауруханадан шыққан соң өзіміз емделе бердік. Оңалтуға келейік деп едік, аурухана бізге тек ақылы түрде болатынын айтты. Сосын болмаған соң Омбыға барып, сол жерде тексерістен өттік. Бізге екі жақты пневмония ауруының асқынған түрі деген диагноз қойылды. 6 наурыз күні тағы да қызымды тексеру үшін Омбыға барамыз», – дейді қала тұрғыны

Облыс әкімінің қабылдауына келген Лилия Заяц  балалар ауруханасының дәрігерлерін жазалауды сұрады. Себебі, емдеу мекемесінің бас дәрігері кішкентай қызды емдеудің орнына балаға қанша ақша жұмсалғандығын айтқан.

«Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқаспен қалай жұмыс істеу керек екенін білмейді. Оларға тек ақша керек. Себебі, біз ауруханада жатқан кезде бас дәрігер менің жолдасыма сіздің қызыңызға 320 мың теңге кетірдік. 20 шприц, 10 бөтелке ерітінді кетті деп айтқан. Неге біз оны тыңдауымыз керек? Неге олар баланы емдеудің орнына ақша санайды?», –  деді Лилия Заяц.

Қабылдауда бұл мәселе жайлы  облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, өңірлік прокуратура да  хабардар екені белгілі болды.

«Лилия Заяцтан шағым түскеннен соң біз өз арамызда жиын өткіздік. Алты дәрігерді жазаладық. Және облыстық балалар ауруханасында тексеріс жүргізілді», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Тағаниязов.

Облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына келесі жолы мұндай мәселе болмау керек екенін және міндеті түрде  назарға алатынын жеткізді.

Тағы оқыңыз:СҚО-да республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x